Бастапқы бизнес қарастырыла ма?
Өз техникасымен жол-құрылыс саласында кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі бар жұмыс істеп тұрған бизнес қарастырылуда.

Егер ЖШС/ЖК бейресми жұмыс істесе (қолма-қол есеп айырысу) ЖШС / ЖК лизингке өтінім бере ала ма?
Жоқ. Бұған жобаның өзін-өзі ақтау есебі ЖШС/ЖК ресми айналымы негізінде жасалуы себеп болады.

Құжаттарды көшірме түрінде (электрондық пошта арқылы сканерленген) және қарап тексеруді бастау үшін тапсыруға бола ма?
Құжаттардың түпнұсқалары қажет.

Өтінімді қарау мерзімі қандай?
Құжаттардың толық топтамасын ұсынған сәттен бастап 2 апта.

Егер бастапқы жарна болмаса, жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті кепілге қоюға бола ма?
Бастапқы жарна міндетті түрде қолма-қол ақшамен төленуі керек.